• 1938 жылдарға дейін елде мектеп болмай, ел тұрғындары әр үйлерде оқыған. Сол жылдары істеген мұғалімдер: Боштаев Имамбек, Тұрлыбаев Ғабит, Бекбатыров Иманәлі, Қайдарова Сабира, Әбенов Үндеш.
• 1938 жылы 4 бөлмелі алғашқы 4 жылдық мектеп ашылды. Сол жылдары істеген мұғалімдер: Жакина Зура, Жүнісов Тұрсынбай.
• 1960 жылы жаңа мектеп ашылды. Мектеп директоры Бекмухамбетов Алыбай болды.
• 1967 жылы 5 сынып қосылып, 8 жылдық мектепке айнала бастады.
• 1969 жылы жаңа мектеп ғимараты ашылды. Мектеп директоры Ахметов Жүсіпбек Батайұлы болды.
• 1971 жылдан бастап толық 8 жылдық мектепке ауысты.
• 1971 жылы алғашқы 10 түлек мектеп тің толық курсын аяқтады.
• 1975 жылы жаңа мектеп салынып ашылды.
• 1987 жылы мектеп директоры Нұртазин Жақсыбек Зейнелұлы болды.
• 1993 жылдан бастап мектеп директоры Махметов Марат Рахметуллаұлы.
• 1998 жылы Екішоқ негізгі мектебі болып атанды.




