Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Акция ұраны: Нағыз досыңның болғанын қаласаң– дос бол!

Мақсаты: мектеп ортасында  жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау

Міндеттері: Өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың ынтымақтастығы үшін қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту. Позитивті қарым-қатынас құру үшін, бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас тәжірибесі арқылы белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Жоспарға сәйкес «Өзің оқып, досыңа ұсын» атты буккроссинг акциясы өткізілді. Акцияға 1-9 сынып оқушылары қатысты.

«Мен және менің досым» атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.

«ДОСБОЛLIKE» акциясы аясында бастауы сынып оқушылары  «Достық қымбат бәрінен» атты театрландырылған көрініс қойды.